Сені бақытты қылатын не?
Ақша , көлік, үй, отбасы ? Бәлкім атақ?
Бәріне қол жеткізуге болады, жаратқаннан берілген шексіздік.
Бірақ сен өзіңнің кім екеніңді білмейінше,
Өзіңді өзгертпейінше
Ішіңде не жатқанын көрмейінше
Сырттағының бәрі қайталанады
Ізден, қаншама тарих, қаншама мұра,
Біздің тұлға болып қалыптасу үшін қалдырылған
Өзіңмен өзің күрес, лайықты бол
Сен нағыз сайгүлік, сен нағыз құлагер
Басыңды тік ұста мұрагер
Әрбір қазақ жүйрік құлагер
Сәйгүлігім жарып оза бер
Ұш қанатты жайып биікке
Алаштың жүгін көтергендер
Әрбір қазақ жүйрік құлагер
Сәйгүлігім жарып оза бер
Ұш қанатты жайып биікке
Алаштың жүгін көтергендер
Мен кигенде шапанды
Рухы қонады бабамның
Ақ орамал анамның
Дұғасыменен туғанмын
Таудай әкем берсе
Қолын жайып батасын
Алалмайтын қамал жоқ
Таңдаймын тазасын Эй
Жүректерден шыққан ою өрнектер
Әлі күнге бейнелейді кім данышпан кімнің кемеңгерін
Ертеректен бері дәстүріміз салтымыз терең
Тамыры жайылған шабылмайтын балтамен
Әрбір қазақ жүйрік құлагер
Сәйгүлігім жарып оза бер
Ұш қанатты жайып биікке
Алаштың жүгін көтергендер
Әрбір қазақ жүйрік құлагер
Сәйгүлігім жарып оза бер
Ұш қанатты жайып биікке
Алаштың жүгін көтергендер